Алматыда орналасқан Құрлық әскерлері Әскери институты сержанттың қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әскери институттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 қыркүйекте институттың инженерлік қалашығының аумағында 1980 жылы туған келісімшарт бойынша әскери қызметшінің денесі табылды.
"Алдын ала себеп бойынша, әскери қызметші өз-өзіне қол салған. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу шаралары жүргізілу үстінде. Құрлық әскерлері Әскери институтының басшылығы марқұмның туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі", - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметі марқұмның оқу орнының курсанты болмағанын атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда әскери институттан сержанттың мәйіті табылғаны хабарланған болатын.
""Дерек бойынша Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы, 1-бөлігі ("өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады ІІМ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!