Алматыда “Сергек“ жол ережесін бұзған самокат тізгіндегендерді анықтайды

Алматыда “Сергек“ жол ережесін бұзған самокат тізгіндегендерді анықтайды
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Электрсамокат жүргізушілері де "Сергек" бақылауына алынуы мүмкін. Жүйе олар жол қозғалысы ережесін бұзып-бұзбағанын анықтауға көмектеседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24KZ-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтты. Оның сөзінше, заңнамаға енгізілген жаңа талаптардан кейін электрсамокат толыққанды көлік ретінде танылған.

Осыған байланысты самокат жүргізушілері мен кикшеринг компанияларына бірқатар міндет жүктелген. Салтанат Әзірбектің айтуынша, олардың қатарында "Сергек" те бар.

Деректі біріктіру аяқталғаннан кейін камералар электрсамокат жүргізушілері жасаған құқықбұзушылықтарды анықтай алады.

Айта кетейік, жыл басынан бері жол қозғалысы ережесін бұзған 18 мыңнан аса электрсамокат жүргізушісі жауапкершілікке тартылған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget