Әлеуметтік желіде Алматыдағы Махатма Ганди атындағы саябақта болған оқиғаның видеосы тарап жатыр. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше ер адам отшашу атқан, ал оның салдары тосын жайтқа әкеп соққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 27 сәуірде шамамен сағат 21:30-да болған. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, мас күйдегі бір топ ер адам саябақтың дәл ортасында отшашу атпақ болған. Бір кезде пиротехника салынған қорап аударылып кетіп, отшашу жан-жаққа, адамдарға қарай шашыраған.
Алматы Полиция департаменті қоғамдық орында пиротехника өнімдерін қолдану дерегі бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы тексеріс жүргізіп жатқанын хабарлады.
"Қазір оқиғаға қатысушылар, мән-жайы анықталып жатыр. Тексеріс нәтижесі бойынша олардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп, заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады", - деді полиция.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз