Алматыда сауда ойын-сауық орталығы өртеніп жатыр - ТЖМ

Фото: Видео кадры

Алматыда сауда ойын-сауық орталығы өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тengrinews.kz редакциясының ақпаратына сенсек, өрт дабылы соғылғаннан кейін "Москва" сауда орталығының ғимаратынан барлық адамдар эвакуацияланған. Эвакуация бір ғана тар өткел арқылы жүзеге асырылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Massaget.kz жаңалықтар сайты (@massaget.kz)

Оқиға орнынан келген куәгерлердің айтуынша, олар алдымен мегафон арқылы қағылған алғашқы дабылға мән бермеген. Кейіннен төтенше жайт туралы тіркесті естігеннен кейін барып, барлығы сыртқа шыққан.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі оқиғаға пікір білдірді.

"Дәл қазір алматылық өртсөндірушілер Әуезов ауданындағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде шатырдағы өртті анықтады", - делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Литпин