Төтенше жағдай министрлігі Алматы қаласындағы "Москва" сауда орталығындағы өртті сөндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Өрт 10 шаршы метр алаңда сөндірілді. Сору құбырында май қалдықтары жанып, кейіннен от шатырдың қаптамасына тараған", - деп жазды министрлік.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер болмады. Өрттің шығу себебі әлі де анықталып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Әуезов ауданындағы "Москва" сауда орталығында өрт шыққанын жазған едік.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!