- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда сауда орталығындағы...
Алматыда сауда орталығындағы жаппай сатылым кезінде адамдар кептеліп қалды
Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде жаппай сатылым кезінде келушілердің көптеп жиналуынан күтпеген жағдай болды. Әлеуметтік желіде куәгерлердің оқиға орнынан түсірген видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Халықтың тығыздығы соншалық, бірнеше сауда орындары мен дүкен сөрелерін қиратты. Тәртіпті қалпына келтіру және келушілердің қауіпсіздігі үшін полиция шақырылып, адамдарды эвакуациялауға тура келді", - делінген видеодағы жазбада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алматы полиция департаменті бұған қатысты түсінік берді.
"Алматы полиция департаменті сауда орталығында көпшілікті дүрліктірген акцияны ұйымдастырған бутик әкімшісінің жауапқа тартылатынын, оның әрекетіне құқықтық баға берілетінін хабарлайды", - делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан