Алматыда сатып алуға болмайтын үйлердің тізімі шықты

Алматыда жылжымайтын мүлік сатып алуға болмайтын тұрғын үйлердің тізімі жаңартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасап. 

Өзекті ақпарат бойынша тізімде 36 тұрғын үй кешені бар. Тізілім құрылысқа рұқсат беру құжаттарының толық пакеті жоқ, сондай-ақ жобадан ауытқулармен және басқа да бұзушылықтармен салынған бірқатар тұрғын үй кешендерімен (ТК) толықтырылды.

Айта кету керек, тізімге құрылысы әлі басталмаған, рұқсат құжаттары жоқ нысандар кірді. Басқарманың ақпаратына сәйкес, осындай ТК бойынша ұсыныстар интернет-ресурстардың мониторингі нәтижесінде анықталады.

Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының WhatsApp +7 705 896 60 00 анықтамалық арнасы бойынша ТК құжаттарының толық пакетінің бар екеніне көз жеткізген жөн.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!