Алматыда Сәтбаев көшесі мен Достық даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

Алматыда Сәтбаев көшесі мен Достық даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Алматы полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына жолдардағы шектеуге байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2024 жылғы 30 тамызда сағат 09.30-дан 11.00-ге дейін Сәтбаев көшесі бойымен Луганского көшесінен Достық даңғылына дейін, сондай-ақ Достық даңғылы бойымен Сәтбаев көшесінен Абай даңғылына дейін қысқа уақытқа жол жабылады", - делінген полиция таратқан хабарламада.

Ведомство осыған байланысты халықты жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, бағыттарын алдын ала реттеуге үндеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget