- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда самокат мінген...
Алматыда самокат мінген әйел көліктің есігіне соғылып, қаза болды
Алматыда самокат мінген 27 жастағы қыз көлік есігіне соғылып, ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
Ведомство мәліметінше, 27 жастағы қыз электрсамокатпен жолда көлік арасымен келе жатқан. Кенеттен Nissan Patrol көлігінің есігі ашылған. Сол кезде самокат мінген қыз тоқтап үлгермей қатты жылдамдықпен есікке соғылған. Жарақат алған қыз дереу ауруханаға жеткізілген. Бірақ бірнеше сағаттан кейін қайтыс болған.
Айта кетейік, жыл басынан бері самокат мінген адам өлімі алғаш рет тіркеліп отыр. Алты ай ішінде Алматыда самокат пен мопед қатысуымен 77 жол апаты тіркелген.
Г. Досымшалова