Алматыда салынып жатқан тұрғын үйдегі лифт құлап, салдарынан бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ведомство мәліметінше, оқиға 30 қарашада болған. Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу дерегі бойынша тергеу басталған.
"Іс ҚР ҚК-нің 156-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу). Фактіні Алмалы ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімінің қызметкерлері тексеріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!