Алматы қаласының мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеуші азаматтар үшін Алматы қаласындағы сауда үйлері мен орталықтарында салық төлеу теминалдары іске қосылғанын хабарлады. Терминалдар салық төлемдері бойынша есеп ақпаратына ие.
Қазіргі кезде терминалдар Әуезов ауданының "Тигрохауд", "Арыстан", Жетісу ауданының "Алатау", "Байсат", Түрксіб ауданының "Сапар", Медеу ауданының "ЦКР", Алатау ауданының "Кенжехан" сауда орталықтары мен "Раш", "КарСити", "Қарқара", "Мерей", "Адем", "Сымбат", "Стройсити" сауда үйлерінде қондырылды. Терминалдарды өзге де орталықтарға орнату жалғасып жатыр.
Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері ағымдағы жылдың бірінші жартысының салық төлемдерінің есебін беру мерзімі аяқталуға жақын екенін мәлімдейді. Ал 2015 жылдың екінші кварталы бойынша есеп беру 17 тамызға дейін жүргізілуі тиіс. Сол себепті мемлекеттік қызмет көрсету мен терминалдар орналасқан орталықтар кешкі сағат 20:00-ге дейін ашық болады. Ал алдағы сенбі күні (15 тамыз) сағат 16:00-ге дейін түскі ассыз қызмет көрсетілмек.