Алматыда Саин көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

Алматыда Саин көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала әкімдігі мәліметінше, Саин көшесін ұзарту жұмыстары аясында уақытша шектеу енгізіледі.

"17 қазан сағат 07:00-ден 19 қазан сағат 23:00-ге дейін Саин көшесінің Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейінгі бөлігінің шығыс жағында, сондай-ақ, Шәріпов көшесінде көлік қозғалысы тоқтатылады. Шектеу асфальтбетон жабындысын төсеу жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр", - деп жазылған хабарламада.

Сурет: Алматы әкімдігі

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз