Алматыда Саин көшесінде автобустарға арналған арнайы жолақ іске қосылады

Алматыда Саин көшесінде қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ іске қосылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала әкімдігі мәліметінше, 20 маусымнан бастап Саин көшесінің Рысқұлов даңғылынан Мұстафин көшесіне дейінгі бөлігінде пилоттық режимде қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ жұмыс істей бастайды. 

Жол қызметтері арнайы сары түсті жолақтарды сызу және тиісті жол белгілерін орнату жұмысын бастап кеткен. Барлық жұмысты 19 маусымға дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқарма өкілдерінің мәліметінше, арнайы жолақты енгізудің мақсаты - қоғамдық көлік қозғалысының тиімділігін арттыру, жол қозғалысын реттеу және қаланың ең қарқынды көлік дәліздерінің бірінде қауіпсіздікті күшейту.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!