Алматыда сәбиін алып, үйінен кетіп қалған әйелге қатысты тың дерек шықты

Алматыда сәбиін алып, үйінен кетіп қалған әйелге қатысты тың дерек шықты
Фото: polisia.kz

Алматыда 6 желтоқсанда 20 жастағы жас ана сәбиін алып, үйден шығып кетіп, оралмаған. Ол ата-анасымен бірге тұратын үйінен белгісіз бағытқа кетіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оны іздестіру туралы Алматының 44 жастағы тұрғыны полицияға хабарлаған.

Хабар түсе салысымен көлік полицейлері дереу іздестіру жұмыстарын бастап, жедел әрекетке кіріскен.

7 желтоқсан күні Ақтау әуежайын патрульдеу кезінде желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері жоғалған әйел мен оның сәбиін анықтады. Екеуі де аман-есен табылып, жеке басы тексерілгеннен кейін ата-анасына тапсырылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан