Алматыда Рысқұлов даңғылындағы жолайырықтың учаскелері біраз уақытқа жабылады

Алматыда Рысқұлов даңғылындағы жолайырықтың учаскелері біраз уақытқа жабылады
Фото: Алматы әкімдігінен

Алматыда Рысқұлов даңғылындағы жолайырықтың учаскелері біраз уақытқа жөндеуге жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Рысқұлов даңғылының учаскелеріне орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

17 тамызда сағат 23:00-ден 19 тамыз сағат 11:00-ге дейін Табачнозаводская көшесінен батыс бағытта Рысқұлов-Жансүгіров жолайырығындағы бұрылысқа дейін қозғалыс жабылады.

18 тамызда сағат 23:00-ден 20 тамыз сағат 11:00-ге дейін Рысқұлов-Жансүгіров жолайырығының басынан Табачнозаводская көшесіне дейінгі шығыс бағыттағы учаскеде қозғалыс жабылады.

Рысқұлов-Сейфуллин және Рысқұлов-Жансүгіров жолайырықтарындағы жолдар арқылы екі бағытты да айналып өтуге болады.

Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымының басшысының байланыс ақпараттары көрсетілген стендтер қойылады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина