Алматыда ресейлік трансгендер-блогер балаларды балағаттаған

Әлеуметтік желіде Алматыда спорт алаңында трансгендер TikTok-ердің балаларды балағаттап жатқан видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеода парик киген ер адам спорт алаңында балаларға өз елінде мұндай балаларды жақтырмайтынын айтып, оларды балағаттап жатыр. Басылым авторларының айтуынша, видеоны Хилми Фокс лақапатымен танымал Ресейден келген трансгендер түсірген.

Алматы полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын айтты. Видеодағы адамның әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Айта кетейік, Хилми Фокс әйелдер киімі мен имиджінде арандатушылық видеолар түсіріп, TikTok-та миллиондаған қаралым  жинады. 2023 жылғы қаңтарда ол және оның әріптесі, трансгендер TikTok-ер Даша Корейка Ресейде дәстүрлі емес жыныстық қатынасты насихаттағаны туралы бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды, кейін ол елден кетіп қалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!