Алматыда референдумға бойкот жасауға шақырған адам ұсталды - полиция

Алматыда референдумға бойкот жасауға шақырған адам ұсталды. Бұл туралы полиция мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, әлеуметтік желілерде шетелдік юрисдикцияда тіркелген байланыс нөмірлерін пайдалану арқылы шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат, референдумға бойкот жасауға шақыру және азаматтарды жаңылыстыруға бағытталған өзге де мәлімет жарияланғаны анықталған.

"Бұл дерекке қатысты сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі келтіру бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ретінде Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Тергеу нәтижесінде оның әрекетіне түпкілікті құқықтық баға беріледі", - деп жазылған полиция хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы 2026 жылы 15 наурызда жаңа Конституция бойынша республикалық референдум өткiзу туралы жарлыққа қол қойды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!