Алматыда Райымбек даңғылының бір бөлігінде бір түнге қозғалыс шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматыда 1983 жылы пайдалануға берілген құбырды жөндеуге байланысты Райымбек даңғылында қозғалыс уақытша шектеледі.
"5 шілде сағат 23:00-ден бастап 6 шілде сағат 08:00-ге дейін Райымбек даңғылының бойымен Ахрименко көшесінен бастап Өтеген батыр көшесіне дейін екі бағытта көлік қозғалысы жартылай шектеледі", - деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова