Алматыда ресейлік блогер жол ережесін бұзып, бұл туралы видео жариялаған. Полицейлер оны жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде ресейлік блогердің жол ережесін бұзып, көлікті дұрыс емес жерге қойғаны, кейін оның нөмірін шешіп алып кеткенін, бірақ "рақметін айтып" барлық мәселені шешкенін мәлімдеген видеосы жарияланған.
Кейін Алматы полициясы жол ережесін өрескел бұзған Ресей Федерациясының 21 жастағы азаматы жауапқа тартылғанын мәлімдеген.
Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері оған мына құқықбұзушылықтар бойынша хаттамалар толтырған:
- ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 601-бабы бойынша - "Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау";
- ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 596-бабының 2-бөлігі бойынша - "Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көлiк колоннасын немесе жаяу колоннаны кесiп өту не оның арасынан орын алу";
- ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 591-бабының 1-бөлігі бойынша - "Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы".
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!