Алматыда ірі наркологиялық зертхананың қызметі тоқтатылды

Алматыда ірі наркологиялық зертхананың қызметі тоқтатылды
Фото: depositphotos.com

Алматы прокуратурасы 2024 жылғы 22 қазанда ірі есірткі зертханасын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Операция барысында қылмыстық кәсіпорынның ұйымдастырушысы И.Б.М. ұсталды. Зертхананы тінту кезінде үш полиэтилен пакетке оралған 15 келі дайын мефедрон, әрқайсысы 30 литрлік 36 канистр, 10 литрлік 4 канистр, бес литрлік 5 шелек, 8 литрлік сұйықтық сақталған пластик бөтелкелер, сондай-ақ сору жүйесі бар моншасы, оның ішінде реагенттерді араластыру үшін қолданылатын 150 литрлік бөшке, электронды таразы, тыныс алу маскалары, араластыруға бейімделген бұрағыш, сегіз пластикалық науалар табылып, тәркіленді", - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Тәркіленген барлық құрал-жабдық пен зат сараптамаға жіберілді. Зертхананы ұйымдастырушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Осы жылы Алматының прокуратурасы құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, қалада белсенді жұмыс істеп тұрған 22 наркологиялық зертхананың жолын кесті. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан