- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда ірі кәсіпкер...
Алматыда ірі кәсіпкер бұрынғы қызының интим видеоларын таратып, адам жалдап өлтірмек болған
Әлеуметтік желіде ірі кәсіпкер бұрынғы қызының интим видеоларын таратқаны, сонымен қатар, арнайы адам жалдап, өлтіруге оқталғаны туралы ақпарат тарады. Massaget.kz тілшісі Алматы қалалық Полиция департаментінен ресми жауап сұрады.
Желідегі мәліметке сүйенсек, күдікті қамауға алынған.
"Бұрынғы қызының интим сипаттағы видеоларын таратқаны үшін ірі кәсіпкер қамауға алынды деген ақпарат тарады. Ал кейін қамауға алынған кәсіпкердің тапсырысы бойынша белгісіз ер адам барып, қызға екі рет оқ жаудырған", - деп жазылған Egov.press Telegram-арнасы мәліметінде.
Алматы қалалық Полиция департаменті өкілдері бұл оқиғаны растап, қылмыстың ізі суымай ашылғанын мәлімдеді.
"Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді ведомство өкілдері.
Сонымен қатар, Полиция департаменті өкілі тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайтынын хабарлады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова