Алматыда ірі жол апатынан 23 адам зардап шекті

Алматыда ірі жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты 14 шілдеде сағат 18:10 шамасында Алатау ауданында болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, МАЗ маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Боралдай тасжолы бойымен шығыс бағытта келе жатып, тізгінге ие бола алмаған. Салдарынан ол бір бағытта қозғалып бара жатқан Mercedes-Benz және KIA көліктерімен соқтығысқан, кейін қарсы бағытқа шығып кетіп, Yutong маркалы автобус пен Subaru көлігіне соғылған", – деп хабарлады полиция.

Оқиға салдарынан автобустың жолаушылары мен KIA автокөлігінің жүргізушісі, барлығы 23 адам зардап шеккен.

Қазіргі уақытта полиция жол апатына байланысты тергеу жүргізіп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!