- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда ірі бизнес-орталық...
Алматыда ірі бизнес-орталық тағы бір қабатты заңсыз салып алған
Алматыда ірі бизнес-орталықтың қабаты сүріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, Мұратбаев көшесі, 63 мекенжайында орналасқан Parasat бизнес-орталығының үшінші қабаты мен мансардалық қабаты заңсыз салынған.
Бұған дейін "Parasat Samex Co LTD" ЖШС иесіне жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында ҚР ӘҚБтК 316-бабының 1-бөлігі және 321-бабы бойынша шара қабылданып, үшінші қабат пен мансарданы бұзу туралы бұйрық берілген. Алайда меншік иесі бұл талаптарды орындамағандықтан, материалдар сотқа жіберілді.
2023 жылғы 24 қазанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен басқарманың бұйрықты мәжбүрлі түрде орындау туралы талап-арызы қанағаттандырылды.
Меншік иесі құрылымды әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен өз бетінше бұза бастады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина