Алматыда ірі автобус апаты болды: оқиға орнынан суреттер

Алматыда ірі автобус апаты болды. Оқиға орнынан суреттер пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға орнындағы куәгерлердің айтуынша, жеңіл көлік жолды белгіленген жерден қиып өтпеген, қашпақ болған автобус жол апатына ұшыраған.

Полиция мәліметінше, адам өліміне әкеп соққан жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар да тағайындалған.

"Жол апаты Алматыдағы Алмалы ауданында сағат 14.20-да болған. Алдын ала мәліметтер бойынша "Kia" көлігінің жүргізушісі Мақатаев көшесімен оңтүстік бағытта өтіп бара жатып, "Сity-Bus" ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін 18-бағыттағы қоғамдық көлікпен соқтығысып, артынша кедергіге соққан", - деп жазылған полиция хабарламасында.

Оқиға салдарынан автобустың 16 жолаушы медициналық көмекке жүгінді, бір жолаушы оқиға орнында жан тапсырды.

 

 

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматыда автобус дүкенге кіріп кетті деген ақпарат пайда болғаны хабарланды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!