ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті заңсыз инвестиция саласындағы алаяқтық дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мән-жайы
2013-2021 жылдар аралығында күдікті Partners & Consultants атты "Өмірді сақтандыру" жобасы арқылы өмірді сақтандыру бағдарламалары мен жинақтаушы сақтандыру салымдарына инвестиция салу деген сылтаумен азаматтардың ақшасын иемдену схемасын ұйымдастырған.
ҚМА мәліметінше, күдікті азаматтарды өзіне бағынышты заңды тұлғалардың - Evroasia Global Investment АҚ және Evropa Investment ЖШС есепшоттарына ақша аударуға үгіттеп, жылына 12 пайызға дейін тұрақты табысқа кепілдік берген.
"Жоба сенімді екенін дәлелдеу үшін шын мәнінде жоқ халықаралық сақтандыру бағдарламаларына, сертификаттарына сілтемелер қолданылған. Қаражат аударым арқылы қабылданып, кейін салымшыларға жалған құжаттар берілген", - деп жазылған хабарламада.
Жәбірленушілерге келген залал көлемі
Салдарынан 270 жәбірленушіге 620 млн теңгеден аса материалдық залал келген. Күдікті қаражатты жылжымайтын және жылжымалы мүлік сатып алуға жұмсаған. Қазір бұл мүлікке шектеу қойылған.
Күдікті қамауға алынды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова