Алматыда психиатриялық ауруханадан қашқан екі адам іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, алдымен 37 жастағы Нелли Шахрай із-түссіз жоғалған. Ол 16 сәуірде психиатриялық орталықтан шығып кеткен. Соңғы рет үстінде қою көк түсті жемпір және күлгін түсті шалбар болған.
Ал 13 мамырда дәл осы ауруханадан 34 жастағы Денис Антипин қашып кеткен. Ол қара түсті киімде болған. Сол жақ бетінде меңі бар.
Еріктілердің айтуынша, екеуі де осыған дейін орталықтан дәл осылай бірнеше рет қашқан. Қазір науқастарды іздеу жұмысы жалғасып жатыр.
Полицейлер азаматтардан оларды байқаған жағдайда бірден 102-ге хабарлауды сұрады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова