Алматы полициясы конвой қызметінің автокөлігінен қашып кеткен ер адамның суреті мен мәліметтерін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Алматы қаласының полициясы 1996 жылы туған Аубакри К.Е. есімді ер адам іздестіріліп жатыр. Ол өткен кеште конвой көлігінен қашып кетті. Іздеудегі адамның белгілері: бойы - 165-170 сантиметр, дене бітімі арықша, шашы қара, көзі қоңыр. Ерекше белгілері: мұрны қисықтау", - делінген хабарламада.
Алматы ПД баспасөз қызметі ұсынған сурет
"Қашқынның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетіндер мына телефондарға хабарласуы сұралады:
8-701-758-67-60;
8-778-158-54-44;
254-40-42 немесе 102", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Алматыда сотталушының қашып кеткені туралы 4 желтоқсанда белгілі болды. Сол кезде полиция бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікпен айыпталған адамның қашып кеткенін хабарлады. Қашқынды ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар қызметтік тексеріс басталды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!