Алматыда вебкам студияның заңсыз қызметі тоқтатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы және Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында интим сипаттағы ақылы интернет трансляция жүргізуге жабдықталған пәтерді анықтаған.
Полиция қызметкерлері барған кезде пәтерде онлайн трансляцияға қатысқан қыз бен студияның әкімшісі болған. Екеуі де полиция бөліміне жеткізілді.
"Тінту барысында компьютер, бейнетүсірілім құралдары, трансляция жүргізуге арналған жабдықтар және тергеу үшін маңызы бар басқа да заттар тәркіленді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір заңсыз студияның қызметін ұйымдастыруға және оның жұмысына қатысы бар барлық адамды анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді полиция.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!