- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда полиция қызметкері...
Алматыда полиция қызметкері шетелдік әйелді итеріп құлатты
Алматыда полиция қызметкері қызметтік көліктің есігін ашпақ болған шетелдік әйелді итеріп құлатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиғаның сәті әлеуметтік желілерде тарап, қолданушылар арасында дау тудырды. Кадрда полиция қызметкерінің қызметтік көліктің есігін қалай жаппақ болғаны, бірақ бірнеше әйел оған кедергі келтіріп жатқаны көрінеді. Осыдан кейін ер адам олардың біріне күш қолданады. Оның бұл әрекетіне ашуланған шетелдік әйелдер кейін адвокатты талап еткен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл жағдайға байланысты Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін қалалық полиция департаментіне жүгінді. Ведомство тергеу амалдарын бастап кеткенін айтты.
"Бұл дерек бойынша қызметтік тексеру басталды. Полиция қызметкерінің дөрекі әрекет жасағаны үшін департамент басшылығы ұстанымға сәйкес баға береді", - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек