Алматыда қоқыс өңдеу кәсіпорны аумағында қоқысты сұрыптау кезінде әйелдің бөлшектелген денесі табылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, ауыр қылмысқа қатысты күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
"Алдын ала мәліметтер бойынша ер адам ішімдік ішіп, кейін жанжал кезінде бірге тұратын әйелін өлтірген. Басқа жағдайлар анықталып жатыр", - деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
Кісі өлімі 9 ақпанда жалға алынған үйде болған.
Еске салайық, бұған дейін Атырауда туысы зейнеткерді өлтіріп, денесін өртеп жіберген деген ақпарат тарады. Жантүршігерлік қылмыс 7 ақпанға қараған түні болған еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова