Алматыда полиция дұрыс қойылмаған көліктерді көшеден алып кетіп жатыр

Алматының орталығында заңсыз тұраққа қойылған көліктер айыппұл тұрағына жеткізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кезекті рейд Алмалы ауданында өткізілген. Іс-шараға эвакуаторлар жұмылдырылған.

"Алғашқы сағаттардың өзінде 50-ге жуық құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде 28 көлік арнайы айыппұл тұрағына жеткізілді. Заңсыз тұрақ жай ғана тәртіпбұзушылық емес. Ол кептеліс тудырып, жолдағы қауіпсіздікке әсер етеді", - деп ескертті полиция.

Полиция жүргізушілерді көліктерін рұқсат етілмеген орындарға қалдырмауға шақырды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!