- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Алматыда полиция бастығының...
"Алматыда полиция бастығының ұлының үйлену тойы дүркіреп өтті": Қызметтік тексеріс басталды
"Полиция бастығының ұлының" үйлену тойында түсірілген деген видеоға қатысты Алматы Полиция департаменті пікір білдірді, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.
Журналист Михаил Козачков Facebook желісінде Алматыдағы тойлардың бірінде түсірілген видеоны жариялады. Оның айтуынша, жіберген адам видеоға "полиция басшыларының бірінің ұлының үйлену тойы түсірілгенін" айтқан.
Видео жиынға қатысушылардың бірінің Instagram-парақшасындағы Stories-тен алынған көрінеді. Кадрларға қарағанда, тойға көп қонақ келгені, қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, көптеген сыйлық ойнатылғанын байқауға болады. Ойнатылған сыйлықтар ішінде бензин құюға талондар да бар.
Полиция мәлімтенше, қызметтік тергеу басталған.
Г. Досымшалова"Автордың айтқан уәждері тағайындалған қызметтік тергеу аясында мұқият тексеріліп жатыр. Қызметтік тәртіпті бұзу анықталған жағдайда полиция қызметкерлеріне қатысты тәртіптік шаралар қолданылады", - деді Алматы Полиция департаменті өкілдері.