- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мопедті тіркеу
Алматыда полиция 140 мопедті тіркеді

Алматыда полиция 140 мопедті тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкімшілік полицияның мәліметінше, экстерриториалдық қағидат бойынша қала сыртында жүретін 39 мопед тіркелген.
Полиция 2025 жылғы 5 сәуірден бастап мопедтерді механикалық көліктерге теңестіретін заңнамалық түзетулер күшіне енетінін тағы бір рет еске салды. Осы күннен бастап мопедтерді полицияда тіркеуден өткеннен кейін, А1, А және В санатындағы жүргізуші куәлігі бар, техникалық байқаудан және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырудан өткеннен кейін ғана пайдалануға рұқсат етіледі.
Осыған орай Алматыдағы мамандандырылған қызмет көрсету орталықтарында мопедтерді тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 29 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде 140 мопед тіркелді.
Бұған дейін "Жол қозғалысы туралы" заңға өзгертулер енгізілген еді. Негізгі мақсат - мопедтерді пайдалануды реттеу. Енді мопед жүргізушілері жол қозғалысының толыққанды қатысушылары болып есептеледі және оларға барлық заң талаптары қолданылады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лес