- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда полицейлерге шабуыл...
Алматыда полицейлерге шабуыл жасаған 12 адам сотталды
Алматыда 2022 жылы полиция қызметкерлеріне қызметтік міндетін орындау кезінде күш көрсетудің 21 дерегі тіркелген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы бойынша қылмыстық істер тіркелді. – 12 дерек бойынша сот үкімі шығып, кінәлілер ҚР заңнамасына сәйкес жазаланған.
Ал 2023 жылдың қаңтар айында департаменттің тергеу бөлімі 3 қылмыстық істі тіркеп, күдіктілерді қамауға алған.
"Билік өкілдеріне күш қолданудың әр дерегі ерекше бақылауда. Сонымен қатар билік өкіліне қарсы, қорқыту немесе күш қолдану – қылмыстық жазаланатын әрекеттер болып есептелетінін және 3 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылатынын еске саламыз", – деді Алматы Полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Ерік Жұмабай.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан