Алматыда көлік ұрлап, ұстау кезінде өзіне пышақ сұғып алған ер адамның жағдайы белгілі болды. Бұл туралы Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері науқас №7 Қалалық клиникалық ауруханаға мойын және іш аймағындағы жарақатпен ауыр халде түскенін хабарлады. Сағат 15:30-дағы жағдай бойынша, науқасқа ота жасалып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін полиция қызметкерлері "Ақсай" ықшамауданында ер адам көлік ұрлап, жол апатына ұшырағанын хабарлаған болатын. Оны ұстамақ болған кезде күдікті өзіне пышақ сұғып алған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!