Алматыда полицейлер талапқа бағынбаған көліктің жолын бөгеп тастауға мәжбүр болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Райымбек даңғылында болған. Алмалы аудандық полиция басқармасының "Боран-230" патрульдік экипажы Райымбек даңғылымен батыс бағытта келе жатқан Қытайдың мемлекеттік нөмірі тағылған көлікті байқаған.
Жүргізуші полицияның заңды талабына бағынбай, қозғалысын жалғастырған. Полицейлер көлікті қуа жөнеліп, ақыры жолын бөгеп тоқтатқан.
"Тізгінде Қытай азаматы болған. Жүргізушінің әрекеті күдік тудырғандықтан, ол медициналық куәландыруға жіберілді. Тексеріс нәтижесінде ер адам орта дәрежелі масаң күйде болғаны анықталды. Жүргізуші көлік жүргізуден шеттетілді. Мас күйде көлік жүргізу дерегі бойынша жиналған материалдар сотқа жолданды", - деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!