Алматыда полицейлер енді самокат мініп жүруі мүмкін. Әзірге бұл өзгеріс тест режимінде тек бір ауданда енгізілді. Бірақ жақын арада самокат мінген полицейлер барлық қалалық саябақ пен алаңды күзетуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК-ға сілтеме жасап.
"Кейде самокат мінгендер полицейлерден тротуар арқылы жүріп құтылуға тырысады. Әрине, полиция көлігі тротуармен жүре алмайды. Кейбір жағдайда, әрине, инфрақұрылым мен ыңғайлы жағдай болса, полиция қызметкерлері құқықбұзушыларды жаяу қуып жетеді. Бірақ бұл - дәл қазір талқыланып жатқан мәселе. Саябақ маңында құқықтық тәртіпті қорғау үшін полицейлерге самокаттар бөлінуі мүмкін", - деді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Жыл басынан бері Алматыда самокат мінгендер жасаған жеті мыңға жуық құқықбұзушылық тіркелді. Бұрын олар жол қозғалысының басқа қатысушылары ретінде жазаланса, қазір жүргізушілер ретінде жазаланады. 30 тамыздан бастап самокат мінген 78 адамға айыппұл салынған.
Қалада сегіз айда самокат мінгендердің кесірінен 18 жол апаты тіркелген. Бір адам қаза болды, 17 адам жарақат алды. Мопед мінгендерге қатысты 223 жол апаты тіркелді, екі адам қаза тауып, 240 адам жарақат алды.
Тағы да оқи отырыңыздар: Мопед айдау үшін права керек пе?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!