- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жантүршігерлік қылмыс
Алматыда полицейді өлтіріп кетті: желіде жанжал кезінде түсірілген видео тарады
Алматыда Медеу аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі көз жұмды. Оны пышақтап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде полиция қызметкерінің жарақат алған мекемеде түсірілген видео тарады.
Кадрлардан бір ер адамның екіншісін мекемеден күштеп шығарып жатқанын көруге болады. Ол қашуға тырысқан полицейге соққы артынан соққы жасайды.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы ауруханалардың бірінде пышақ жарақатын алған Медеу аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі көз жұмғанын хабарлаған едік.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алматы полиция департаменті оқиға полиция қызметкерінің қызметтен және жұмыс уақытынан тыс болғанын ескертті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан