- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда полицей жер...
Алматыда полицей жер сілкінісі кезінде әжей мен оның төрт немересіне көмектесті
Алматыда полиция әжей мен оның төрт немересіне көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жер сілкінісінен кейін Шұғыла ықшамауданының тұрғыны төрт кішкентай немересін тез арада киіндіріп, көшеге жүгіріп шыққан. Белгілі болғандай, әйел үйінен алыстап кеткен. Кішкентай балаларымен үйіне қайта оралу оған қиын болды.
"Біз сеніп тапсырылған аумақта заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз еттік. Азаматтар үйлеріне қайта бастағанда балалы әйелді байқаған. Ол нұсқау берді, біз оған балаларымен бірге үйіне аман-есен жетуіне көмектестік. Үш баланы арбаға отырғызған, үлкені өз бетімен жүрді. Халық тығыз орналасқан шағын аудандардың бірінде тәртіп өз деңгейінде қамтамасыз етілді", – дейді Наурызбай аудандық ПБ-ның жауапты учаскелік инспекторы Ерген Сембібай.
Осы уақытта Алматының Алатау ауданында полиция қызметкерлері шетелдіктер отбасына қабылдау пунктінде (182 орта мектеп) орналасуға көмектесті. Қарбаласта олар үйден жалаңаяқ жүгіріп шыққан. Шетелдіктерге де қажетті көмек көрсетілді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина