Алматыда полиция көлігі әйелді қағып өлтірді. Бұл ақпаратты Алматы Полиция департаменті растады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Оқиға Жансүгіров көшесінде түнде болған.
Алматы қалалық Полиция департаменті мәліметінше, оқиға 3 тамызда сағат 23.25-те болған.
"Hyundai маркалы қызметтік көлік жүргізушісі, патрульдік полиция полкінің қызметкері, 1993 жылы туған Т. есімді ер адам Жансүгіров көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Ақпаев көшесі қиылысында 49 жастағы әйелді қағып кеткен. Өкінішке қарай, әйел оқиға орнында қаза болды. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді", - деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптамалар тағайындалды.