Алматыда пластик терезе шығаратын цехтен жантүршігерлік өрт шықты

Фото: видео кадры

Алматының Алатау ауданындағы Шапағат шағынауданында алапат өрт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы ТЖД мәліметінше, оқиға 12 қазанда 04.28 шамасында болған. Өртсөндірушілер 6 минутта келіп, пластик терезе шығаратын цехтен өрт шыққанын анықтаған. Өрт ағаш кесуге арналған ағаш шеберханасына, сондай-ақ 500 шаршы метр аумақты алып жатқан ағаш үйінділер жиналған тұрғын үйдің аумағына өткен. 

Фото: Алматы ТЖД 

Өртсөндірушілер қатты жылу әсерінен және қарқынды жану жағдайында жұмыс істеді.

Оқиға орнында жедел штаб жасақталып, сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілген. Бірақ оқиға орнында жанатын ағаштың көп болуы және судың алыс орналасуы өрт сөндіру жұмысын қиындатып жіберген. 

Фото: Алматы ТЖД

Өрт 06.18-де сөндірілген, ал 07.07-де толық өшірілген. Қаза тапқандар жоқ. 


Фото: Алматы ТЖД

Өртті сөндіруге ТЖД 73 қызметкері мен 22 бірлік техника, "Алматы Судың" 2 суару машинасы жұмылдырылған. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. 

Алматының ТЖД өкілдері кәсіпкерлер мен шаруашылық объектілерінің иелеріне электр сымдарын отқа төзімді күйде жүргізу керегін ескертті. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина