- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда перзентханада нәрестелерге...
Алматыда перзентханада нәрестелерге емізік орнына резеңке қолғап берілетіні рас па?
Әлеуметтік желіде Алматыдағы перинаталогия және балалар кардиохирургиясы орталығында реанимацияда жатқан жаңа туған сәбилерге емізіктің орнына резеңке қолғап берілетіні туралы ақпарат тарады. Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, орталықта жатқан бірде-бір балаға емізіктің орнына резеңке қолғап берілмеген.
"Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен Перинаталогия және балалар кардиохирургиясы орталығының пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі осы оқиға бойынша тергеу жүргізді. Атап айтқанда, стационарда жатқан жаңа босанған әйелдер мен медициналық қызметкерлерге сұрақтар қойылып, жауаптар алынды, әлеуметтік желідегі ақпаратқа қатысты барлық бейнекамера қаралды. Орталық ана мен баланың мәліметтерін алу үшін жазба авторына хабарласты. Алайда автор қандай да болмасын ақпаратты беруден бас тартты. Сондай-ақ, барлық жаңа туған нәресте аналарының жанында болып, ана сүтін еметінін айта кеткен жөн. Нәресте кювезде, балалар реанимациясында, жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесінің қарқынды терапия палаталарында жатқан жағдайда, оларға неонатолог пен медбикелер күтім көрсетіп бақылайды, бейнебақылау жүргізіледі. Бейнежазбаларды қарау кезінде бұл дерек расталған жоқ", - делінген Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек