- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда патрульдік көлік...
Алматыда патрульдік көлік апатқа ұшырады: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Алматыда патрульдік көлік пен автобус жол апатына ұшырап, салдарынан жеті адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті 14 қаңтарда әл-Фараби даңғылында болған жол апаты салдарынан Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасына жеті адам жүгінгенін хабарлады.
Тексерулерден кейін зардап шеккен алты адам үйіне емделуге жіберілді.
"Жетінші науқасқа жабық бас миының жарақаты, мидың шайқалуы, сол жақтағы 1-2-3-қабырғаның жабық сынуы, сол жақ сүйегінің ортаңғы үштен бір бөлігінің жабық сынуы, сол жақ жамбас буыны, сол жақ тізе буыны және сол жақ тобық аймағында жұмсақ тіндердің көгеруі диагнозымен травматология бөліміне жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр", - деді дәрігерлер.
Еске салайық, оқиға 14 қаңтарда сағат 16:10-да әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта, Достық даңғылының қиылысында болған. Toyota автокөлігінің жүргізушісі С. есімді ер адам есін жоғалтып, Достық даңғылының бойымен оңтүстік бағытта келе жатқан автобуспен соқтығысқан. Одан әрі Toyota инерция арқылы тоқтап тұрған Chevrolet патрульдік көлікпен соқтығысты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан