Алматыда пәтерден өрт шығып, 42 адам құтқарылды

Алматыда Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өрт кезінде 42 адамды құтқарып, эвакуациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Наурызбай ауданының Қарғалы шағын ауданында Кенесары хан көшесінің бойындағы көппәтерлі тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтерден өрт шыққан.

"ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 22 адамды, оның ішінде 10 баланы құтқарды және 20 адамды эвакуациялады. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 100-ден астам адам өз бетінше далаға шыққан", - делінген хабарламада.

Өрт жедел түрде 10 шаршы метр алаңда сөндірілді, себебі анықталып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!