Алматыда өрт кезінде 30 адам құтқарылды және эвакуацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Наурызбай ауданында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде 20 шаршы метр алаңда жиһаз және үй заттары өртеніп кеткен.
ТЖМ күштері автосатымен және баспалдақпен 14 адам, оның ішінде 5 баланы құтқарды және 16 адамды эвакуациялады.
Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің алдын ала шығу себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.
ТЖМ азаматтарды тұрғындардан өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!