- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматыда пәтерді жалға...
Алматыда пәтерді жалға алу бағасы арзандады
Алматыда соңғы сегіз жылда алғаш рет пәтерді жалға алу бағасы арзандады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі DataHub сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Алматыда ақпан айында тұрғын үй нарығындағы баға қаңтармен салыстырғанда үш санат бойынша бірден төмендеген.
Пәтерді жалға алу 2,9 пайызға арзандаған. Бастапқы нарықтағы пәтерлерді сатып алу құны 1,4 пайызға, екінші деңгейлі нарықтағы пәтерлер екінші ай қатарынан 0,4 пайызға арзандаған.
Жалпы Қазақстан бойынша жаңа тұрғын үй бағасы +0,4% өскен. Мұндай өзгеріс Алматыдан басқа Қарағанды (-0,3 пайыз) мен Павлодарда (-0,1 пайыз) байқалады.
Қазақстан бойынша пәтерлерді қайта сату 1,7 пайызға өсті. Соның ішінде Астанада қайта сату бағасы – +5,3 пайызға қымбаттаған.
Елімізде пәтер жалдау ақысы 1,2 пайызға, соның ішінде Семейде 4,4 пайызға арзандады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы