• 506.25
  • 490.7
  • 5.27

Алматыда пәтер тонаумен айналысқан күдіктілер ұсталды

Алматыда пәтер тонаумен айналысқан күдіктілер ұсталды
Фото: polisia.kz

Алматының Алатау ауданында пәтер тонаумен айналысқан күдіктілер ұсталды. Олар бұған дейін де мүліктік қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазіргі таңда күдіктілердің "Мәдениет" және "Қарасу" шағын аудандарында кемінде төрт пәтер ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Олар жеке үйлердің бірін тонап шыққан сәтінде қолға түскен. Тұрғын үйден алынған алтын бұйымдар ломбардқа өткізілген.

Күдіктілердің қозғалыс бағыты бейнебақылау жүйелері арқылы анықталды. Тергеу барысында бұл екі адамның бөтеннің мүлкін ұрлаудың төрт дерегіне қатысы бар екені белгілі болды.

Қазір олар қамауға алынды.

Қылмыстық іс Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес тергелуде, сондықтан тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмеді.

"Сонымен қатар ҚР Конституциясының 77-бабының 3-бөлігі, 1-тармағына және Қылмыстық кодекстің 19-бабының 1-тармағына сәйкес кез келген азаматтың кінәсі сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін дәлелденбеген болып есептеледі", - деп ескертті полиция.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лес