Алматыда пәтер тонаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы қалалық криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында пәтер ұрлығына күдікті екі ер адамды анықтап, ұстады. Тергеу мәліметінше, қылмыс күндіз жасалған. Күдіктілер кілт таңдау арқылы пәтерге заңсыз кіріп, көп мөлшерде қаражатты қолды қылған.
Кейін олардың жеке тұлғалары анықталып, ұсталды.
"Ұсталғандар - бұрын сотты болғандар. Олар алдын ала жоспарланған схема бойынша әрекет еткен болуы мүмкін. Қазір олардың Алматыда басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Тергеу амалдары жалғасып жатыр", - деді Алматы қаласы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы басшысының орынбасары Владимир Решетников.
Полиция тұрғындарға үй қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын естен шығармауды ескертеді: сенімді құлыптар, бейнебақылау жүйесі, дабыл батырмаларын орнату және тұрғын үйлер маңында күдік тудыратын тұлғалар жайлы дереу хабарлау қажет.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек