Алматыда паркингте екі қымбат көлік өртеніп кетті

Алматыда паркингте екі қымбат көлік өртеніп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 3 қыркүйекте 00.59-да Алматының Алмалы ауданында болған. 

18 қабатты үйдің паркингіндегі 10 шаршы метр жерде BMW және Hyundai Accent автокөліктері өртеніп кеткен. 

Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген. 

Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина