Алматыда шекараны заңсыз кесіп өтті деген күдікке ілінген пәкістандықтар ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Алматы көші-қон полициясы ҰҚКД мен ҚР ҰҚК ШҚ қызметкерлері шетелдіктерді қаланың Наурызбай ауданы аумағында ұстады.
"Пәкістан Ислам Республикасы азаматтарының төлқұжаттарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткенін растайтын мөр жоқ, демек ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабында көзделген қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар. Басқа да мән-жайлар анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
Тағы да оқи отырыңыздар:
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!